"Первый канал", РенТВ, НТВ: Ресейлік телеарналарды заңсыз тарататын спутниктік тәрелкелер бұзылады
Енді елімізде шетелдік, соның ішінде ресейлік телеарналар мен радиоарналардың сигналын қабылдаушы жабдықтарды, мысалға, спутниктік тәрелкелерді сатқан не орнатқан адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды qrnews.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Неге?
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, лицензиясы жоқ шетелдік спутниктік операторлар (ЛШСО) елімізде "РадугаТВ", "Триколор ТВ", "НТВ+", "Орион Экспресс", "Ямал", "Hotbird", "Платформа HD", "Телекарта" сияқты Қазақстан аумағында жатжұрттық арналарды таратып жатыр. Олардың топтамаларында қазақстандық таратуға міндетті арналар жоқ. Сарапшылардың пікірінше, бұл фактілер Қазақстанға өз территориясында бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға кедергі келтіріп отыр.
ЛШСО-лардың қызметінен уәкілетті орган көптеген заң бұзушылық тауып отыр. Олардың негізгілері:
-
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңын бұзады, яғни телерадио хабарларын тарату қызметін көрсету үшін Қазақстанның мемлекеттік лицензиясы жоқ;
-
"Жарнама туралы" заңнама талаптарын сақтамайды. Салдарынан, қазақстандық заңнамамен тыйым салынған тауарлар мен қызметтер жарнамаланады.
-
Қазақстан аумағында қызметін жүргізгенімен, Қазақстан бюджетіне тиісті салықтарды төлемейді.
-
"Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заңының талаптарын сақтамайды.
-
Лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтамайтындықтан, қазақстандық құқықтық өрістен тыс қалды.
-
Отандық ақпарат құралдарына адал емес, жосықсыз бәсекелестік түзеді. Бұлардың абоненттік төлемінің бағасы арзан, сондықтан отандық кабельдік, спутниктік операторлардың аудиториясын өзіне тартып алады.
Ресейлік және қазақстандық операторлардың пакеттерінің бағасындағы айырмашылық қандай?
OTAU TV/TV Comm/ "Premium": арналарының саны – 148. Пакетінің құны 3 300 теңгеден басталады.
НТВ+/ "Базовый": арналарының саны – 183. Құны 199 рубль немесе Ұлттық банк 2024 жылғы 6 наурызға белгілеген бағаммен (4,95 теңге) 985 теңге.
Телекарта/ "Премьер": арналарының саны – 240. Құны – 399 рубль немесе 1 975 теңге.
Телекарта/ "Мастер": арналарының саны – 145. Құны – 190 рубль немесе 940 теңге.
Триколор ТВ/ "Единый": арналарының саны – 148. Құны – 150 рубль немесе 742 теңге.
Триколор ТВ/ "Единый ULTRA": арналарының саны – 154. Құны – 250 рубль немесе 1 237 теңге.
Қазақстандық "Қазақтелекомның" кабельдік ТВ пакеті 1 390 теңгеден басталады. Интернетке жеке төлейсіз.
Осыдан-ақ, қазақстандық операторлардың қатты ұтылатынын байқауға болады.
Елімізде ЛШСО қызметтерін қолжетімді ететін қанша сауда нүктесі бар?
"Қазтелерадио" ұлттық операторы" АҚ мәліметінше, елімізде кем дегенде 98 сауда нүктесі лицензияланбаған шетелдік спутниктік операторлар қызметтеріне шартты қолжетімділік карталарын таратады.
Олардың ең көбі Батыс Қазақстан облысында (31 сауда нүктесі), Ақмола облысында (16 нүкте), Маңғыстау облысында (12) және СҚО-да (7), Қостанай облысында (6) орналасқан. Қалғандарында 5-ке жуық.
Ресейлік ЛШСО-ларға қосылған қазақстандық абоненттердің саны қанша?
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстандағы спутниктік теледидар абоненттерінің жалпы саны 2022 жылдың соңында 1 млн 676,6 мың абонентті құрады. Оның 60%-ы немесе 1 млн 13,1 мың абонент ауылда тұрады. Ресейлік операторлардың басты клиенттері де негізінен солар.
Алдын ала бағалау бойынша ресейлік ЛШСО-ларға қосылған қазақстандық абоненттердің саны 658 мыңға жуық.
Министрлік жаңа заң жобасын әзірледі
Мәдениет және ақпарат министрлігі "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленді. Ол жазаның жаңа түрін енгізеді.
Атап айтқанда, "Телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ операторлардың теле, радио сигналын жеке қабылдау үшін телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын және жабдықтарын тарататындарға" әкімшілік жауапкершілікті енгізеді.
Қандай әкімшілік жауапкершілік көзделген?
Шетелдік, соның ішінде ресейлік телеарналар мен радиоарналарды тарататын қазақстандық лицензиясы жоқ операторлардың қызметіне шартты қол жеткізу карталарын (карт условного доступа к услугам операторов) және сол арналардың сигналын қабылдаушы жабдықтарды, мысалға, спутниктік тәрелкелерді сатса не орнатса:
-
жеке тұлғаларға – 10 АЕК (2024 жылы 36 920 теңге),
-
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК,
-
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК,
-
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (184 600 теңге айыппұл салу ұсынылып отыр.
Егер осы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасаса, шартты қол жеткізу карталары және әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылатын жабдықтары тәркілене отырып:
-
жеке тұлғаларға – 20 АЕК (73 840 теңге),
-
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК,
-
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК,
-
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (369 200 теңге) айыппұл салу қарастырылуда.
Заң жобасы сондай-ақ құзырлы құрылымдарға заңсыз шартты қол жеткізу карталары мен жабдықтарын пайдалануға тосқауыл қоюға уәкілетті береді.
Заң жобасы қабылданса, мұндай істерді енді Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары қарап, үкім шығаратын болады.
Ресейлік спутниктік тәрелкелер мен сигнал қабылдау жабдықтарын орнатып алған үйлерді табу, олардың үстінен "соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды" толтыру құзыры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына, яғни әкімдіктерге беріледі.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
13 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын