$ 460.8 € 541.21 ₽ 6.13

Перизат Қайратпен байланыс және салынбаған үйлер: Құрылыс компаниясының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Абдрахманов Мағжан
28 сәуір 2026, 09:59
Перизат Қайратпен байланыс және салынбаған үйлер: Құрылыс компаниясының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді Сурет авторы: жеке архивтен

Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкер Мөлдір Сүйіншіәлиге қатысты алаяқтық күдігімен тергеу бастады. Іс материалдарына сәйкес, ол құрылыс жобасы арқылы азаматтардан ірі көлемде қаражат алған.

Тергеу дерегінше, 2021–2024 жылдары күдікті Nura Elite коттедж қалашығын салу сылтауымен тұрғындарға таунхаус ұсынған. Алайда уәде етілген үйлер әлі күнге дейін салынбаған.

Қазіргі уақытта 56 адам жәбірленуші деп танылған. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын 3,9 млрд теңге болады. Тергеу барысында 322 млн теңге күдіктінің, оның жұбайы мен анасының есепшоттарына аударылғаны, тағы 145 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған.

Сондай-ақ кәсіпкердің Перизат Қайратқа қатысты «Біз біргеміз» қорымен байланысы болғаны айтылды. Қор арқылы мұқтаж әйелге пәтер берілетіні хабарланғанымен, бұл пәтер орналасуы тиіс тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмаған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалған. Тергеу жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар