Перизат Қайрат ісі бойынша «жоғалған» көлік табылды, алайда оны кім тізгіндейтіні – мемлекеттік құпия
Сурет авторы: instagram/gosrating
Бағалау құны 79 миллион теңгеден асатын Lexus LX 600 көлігі Перизат Қайрат ісі аясында тәркіленіп, арнайы мемлекеттік органдардың біріне берілген. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Informburo редакциясының сауалына жауап ретінде хабарлады.
100PKO01 мемлекеттік нөмірлі қара түсті жол талғамайтын көлік 2025 жылдың күзінде саудаға шығарылды. Автокөлік Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның ағасының атына рәсімделген. Сарапшылар оның құнын 79 121 985 теңгеге бағалады. Бұған дейін Астана қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көлік Қаржылық мониторинг агенттігінің балансында тұрғанын мәлімдеген еді. Ведомствоның мәліметінше, Lexus агенттікке 2025 жылғы 1 желтоқсанда өткізілген. Алайда кейін ҚМА бұл ақпаратты жоққа шығарып, көліктің өз теңгерімінде еместігін хабарлады.
Осыдан кейін редакция тәркіленген автокөліктің қайда тұрғанын нақты анықтау үшін комитетке қайта ресми сауал жолдаған болатын. Комитет жауабында көлік бастапқыда ҚМА қарамағына берілгенімен, кейін арнайы мемлекеттік органдардың біріне тапсырылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік органдары, сыртқы барлау қызметіне жауапты орган және Мемлекеттік күзет қызметі бар. Дегенмен Lexus LX 600 көлігін нақты қай мекеме пайдаланатыны құпия күйінде қалды. Комитет мұны «Мемлекеттік құпиялар туралы» заң талаптарымен түсіндірді.
«Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де арнайы қызметке қатысты мәліметтер мемлекеттік құпия санатына жатады. Осыған байланысты автокөліктің нақты баланс ұстаушысы туралы ақпарат жарияланбайды», – делінген ресми жауапта.
Еске салсақ, Перизат Қайрат 10 жылға сотталып, сондай-ақ «Шапағат» медалінен айырылды. Анасы Ғайни Алашбаева қызына көмектескені үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкіміне сәйкес, олардан 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы көлемі 1 млрд 582 млн теңге материалдық шығын өндірілетін болды. Бұдан бөлек, әрқайсысы мемлекеттік баж бен сот шығындарын өтеуге міндеттелген.
Жарылқасын Шұғыла
Соңғы жаңалықтар
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
6 сағат бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
9 сағат бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
10 сағат бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
10 сағат бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
11 сағат бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
11 сағат бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
15 сағат бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
22 сағат бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
1 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
1 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
1 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
1 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
2 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
3 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
3 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
3 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
3 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
3 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
3 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
3 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
3 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
3 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
3 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
4 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
4 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
4 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
4 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
4 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
4 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
4 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
4 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
4 күн бұрын
-
Марадона ізімен: Месси бастаған Аргентина қатарынан екінші рет финалға шықты
4 күн бұрын
-
Астанадағы қонақүйлердің бірінен нәрестенің денесі табылды
5 күн бұрын
-
Килиан Мбаппе Франция құрамасының тактикасын сынға алды
5 күн бұрын
-
Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
5 күн бұрын
-
Қазақстандықтар қатерлі ісікке тегін тексеріле алады
5 күн бұрын
-
Қазақстанның оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық күтіледі
5 күн бұрын
-
Былтыр бюджетке 730 млрд теңге салық түспей қалды
5 күн бұрын
-
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері: Онкологтар атаған 7 қауіпті симптом
5 күн бұрын