$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Педофилдерге түрмеден шығардан жарты жыл бұрын химиялық кастрация жасалатын болды

Абдрахманов Мағжан
08 қазан 2025 09:53 232
Педофилдерге түрмеден шығардан жарты жыл бұрын химиялық кастрация жасалатын болды Сурет авторы: РИА Новости/ Алексей Мальгавко

Елімізде кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендерге қолданылатын жазаның тәртібі өзгереді. Денсаулық сақтау министрі 1 қазанда тиісті бұйрыққа қол қойды. Енді химиялық кастрация шарасы сотталған адамның түрмеден босатылуына алты ай қалғанда жасалады.

Бұл жаза 18 жастан асқан және балаға жыныстық зорлық көрсеткен адамдарға қолданылады. Шешімді сот шығарады, ол бірден күшіне енеді. Процедура сотталған адам жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесінде орындалады. Ал егер ол пробацияда болса немесе айыппұл төлеу түріндегі жаза өтеп жүрсе, кастрация психиатриялық көмек көрсететін амбулаторияда жасалады.

Түрме әкімшілігі сотталғанның жазасы аяқталуға бір жыл қалғанда қажетті құжаттарды дайындап, сотқа жібереді. Сот дәрігерлердің қатысуымен психиатриялық сараптама тағайындайды. Онда адамның психикалық жағдайы және қайтадан зорлыққа бару қаупі бағаланады.

Жаңа ереже психикалық ауытқуы бар, бірақ қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтын адамдарға қолданылмайды. Ондай сотталғандарға сот өзге медициналық шаралар белгілейді.

Бұйрық 2025 жылдың 17 қазанынан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар