Павлодарда мектеп оқушылары жеті жасар баланың тілін кеспек болған
Сурет авторы: vogazeta.ru
Павлодарда екі мектеп оқушысы 7 жасар баланың тілін кеспек болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға туралы ақпаратты зардап шеккен баланың анасы таратқан. Оның айтуынша, 9 желтоқсан күні Айманов көшесіндегі №50 үйдің маңында белгісіз екі бала жеткіншекке күш көрсеткен.
«Жасы шамамен 10-дағы екі бала ұлымды жерге құлатып, бірі ұстап тұрған, екіншісі басынан және денесінен тепкілеген. Кейін олардың бірі қайшы шығарып, тілін кесе бастаған. Ұлым сытылып қашып, подъезге жүгіріп кіріп үлгерген», – дейді әйел.
Аталған аумақтағы бейнебақылау камералары жұмыс істемегендіктен, оқиға кадрға түспей қалған. Анасы көрген-білген тұрғындар болса, хабар беруін сұрап отыр.
Қылмыстық іс қозғалды
Полиция кәмелетке толмағанға қасақана жеңіл жарақат салу бабымен қылмыстық іс тіркеді.
«Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар балаларды анықтау және ұстау бағытында қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында олардың ата-аналарының әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ бұл іс Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралып, балалар есепке қойылады», – деді департамент өкілдері.
Баланың жағдайы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала Павлодар облыстық балалар ауруханасының травмпунктіне жеткізілген. Дәрігерлер ми шайқалуын, жоғарғы және төменгі еріндегі жарақаттар мен көгерулерді, тіл ұшындағы кесілген жараны және сөйлеу қиындығын анықтаған.
«Пациент травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде», – делінген нақтылауда.
Баламен психолог жұмыс істей бастады
Балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова зардап шеккен баланың анасымен байланысып, жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, аурухана психологы баламен жұмыс істей бастаған.
Соңғы жаңалықтар
-
Астанадағы BINOM мектептері мемлекетке өте бастады
26 минут бұрын
-
23 тамызда Астанада LRT мен автобустар тегін қатынайды
33 минут бұрын
-
Канье Уэсттің концерті: Еліміз жаңа табыс көзін тапты
1 сағат бұрын
-
Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан кейін алғаш рет пікір білдірді
1 сағат бұрын
-
Қазақстандағы жарықтың жаппай өшуіне Қырғызстан кінәлі ме: Бішкек жауап берді
1 сағат бұрын
-
Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» сайтының тізіміне енді
1 сағат бұрын
-
Арықтаудың кең тараған тәсілі денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін: Ғалымдар дабыл қақты
3 сағат бұрын
-
Қаржылық мониторинг агенттігі атын жамылғандар медицина мекемесінің басшысынан ақша бопсалаған
4 сағат бұрын
-
Әлеуметтік желілердегі үлкен төңкеріс: Meta сотта жеңілсе, біз қолданатын Instagram қалай өзгереді?
4 сағат бұрын
-
Еуропа музейлерін тонау толқыны: Луврдан кейін енді Сицилия шабуылға ұшырады
5 сағат бұрын
-
Бақытжан Базарбек жолда адам қағып кетті ме: Полиция не дейді
5 сағат бұрын
-
Неге павлодарлық жетім қыздың баспана кезегіндегі алты жылы есепке алынбады?
5 сағат бұрын
-
Криштиану Роналду карьерасын аяқтай ма? Жаһандық футбол жұлдызы сенсациялық мәлімдеме жасады
5 сағат бұрын
-
Қазақстан Қашаған бойынша 10,7 млрд долларлық келісімшартта жемқорлық болғанын мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар үшін Halyk Invest-те халал акциялар пайда болды
2 күн бұрын
-
Жарық неден өшті: Энергетика министрлігі мән-жайды түсіндірді
2 күн бұрын
-
Алматы мен Алматы облысында электр жарығы жаппай өшті
3 күн бұрын
-
Алматыда курьерлер мен мопедшілер қала тұрғындарын азаматтық ұстаным танытуға үндеді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады
3 күн бұрын
-
Павлодарда полиция бөлімінде ер адам қайтыс болды: туыстары мән-жайды анықтауды талап етті
3 күн бұрын
-
Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
3 күн бұрын
-
Тұрмыстағы зорлықтан жапа шеккендерге көмектесетін орталық қызметкері әйеліне күш қолданған
3 күн бұрын
-
Дрондар соққыларынан кейін Wildberries қанша шығынға батты?
3 күн бұрын
-
Жапаров президенттік орнын Ташиевке бергісі келгенін айтты (ВИДЕО)
3 күн бұрын
-
Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсетінін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
КҚК-ға шабуылдардан кейін Қазақстан мен ЕО мұнай тасымалын талқылады
3 күн бұрын
-
Тоқаев Ұлттық банкке инфляцияны тұрақтандыру жұмысын жалғастыруды тапсырды
3 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
3 күн бұрын
-
Заңгер Мейірман Шекеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректерін сатуға қойған адам іздестіріліп жатыр
3 күн бұрын
-
Жатақханада орын жетпесе қайда шағымдану керек: Студенттер білуі тиіс басты ережелер жарияланды
4 күн бұрын
-
«Оның жалғыз жетістігі – Марко ван Бастенмен бірге ойнағаны»: Ермұхамед Мәулен ван ’т Шкип туралы
4 күн бұрын
-
17 мың адамда 6-дан артық пәтер бар, ал миллиондаған қазақстандық әлі де баспанасыз жүр
4 күн бұрын
-
FlyArystan Астанадан Қытайға жаңа бағыт ашты
4 күн бұрын
-
Telegram Қазақстанда қайтадан іске қосылды: Байланыс үзілісінің сыры неде
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Telegram неге істемей қалды: министрлік себебін анықтап жатыр
4 күн бұрын
-
Қазақстан легионерлерді қаржыландырудан бас тартып, 8 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді
4 күн бұрын
-
Меккеге апаруға уәде берген: 37 адамды 60 млн теңгеге алдағандар сотталды
4 күн бұрын
-
Жасанды интеллект қазақстандықтарға баспанаға ақша жинауды үйретеді
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақауға жаппай шағымданып жатыр
4 күн бұрын
-
Тоқаев Трамптың шақыруымен АҚШ-тағы G20 саммитіне қатысады
4 күн бұрын
-
Павлодардағы зауыт Ресей мұнайын өңдеуге дайындалып жатыр – сарапшы
4 күн бұрын
-
Ғалымдар жиі баспалдақпен көтерілу адам өмірін ұзартатынын анықтады
4 күн бұрын
-
«Евровидение» ережесі түбегейлі өзгерді: Соғыс жағдайындағы елдерге байқауды өткізуге ресми түрде тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Елена Рыбакина Торонтодағы жартылай финалда камбэк жасап, финалға жолдама алды
4 күн бұрын
-
Қазақстан туралы арандатушы пікір айтқан шетелдік стримерге елге кіруге бес жылға тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда алтын бағасы күн сайын өсіп барады: Бір граммы қанша
4 күн бұрын
-
АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келіп, инвестиция мәселесін талқылады
4 күн бұрын
-
«Қазгидромет» ескертеді: Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады
4 күн бұрын
-
Алматылықтар назарына: Канье Уэсттің концерті кезінде Орталық стадионға кіру сызбасы жарияланды
4 күн бұрын