$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Павлодарда мектеп күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрған

Редакция
20 ақпан 2025 05:17 1064
Павлодарда мектеп күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрған Сурет авторы: Костанайские новости

Павлодарда мектеп күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Оқиға 19 ақпанда болған. Күзетші мас күйінде болып, оқушының кеуде тұсына соққы жасаған. Бала жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар күзетшіні медициналық айықтырғышқа орналастырды. Қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін оған әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар полиция мектеп басшылығын жауапқа тарту үшін білім басқармасына ұсыныс жолдады.

Соңғы жаңалықтар