$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталды

Абдрахманов Мағжан
05 қаңтар 2026, 12:16
Павлодарда колонияның бұрынғы басшысы мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталды Сурет авторы: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Павлодар қаласында №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы қызметтік құпия ақпаратты таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Сот материалдарына сәйкес, экс-басшы құпия сипаттағы қызметтік мәліметтерді жариялап қана қоймай, жекелеген сотталғандарға ерекше жағдай жасап бергені үшін заңсыз сыйақы алған.

Сот үкімімен ол 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар подполковник әскери атағынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан шеттетілді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар