$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Павлодарда қарттар үйінің қызметкерлері мүгедек зейнеткерлерді ұрып-соққан

Редакция
14 қаңтар 2025 02:27 3710
Павлодарда қарттар үйінің қызметкерлері мүгедек зейнеткерлерді ұрып-соққан Сурет авторы: depositphotos

Павлодар прокуратурасы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп жүргізген тексеру барысында жеке меншік қарттар үйінде зейнеткерлердің конституциялық құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады.

Прокуратураның мәліметінше, мекеме қызметкерлері 20 қартты жүйелі түрде ұрып-соққан, тамақтануға және қозғалысқа шектеу қойған. Сонымен қатар қайтыс болған тұрғындардың пәтерлерін ұзақ уақыт бойы заңсыз жалға берген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеуді ішкі істер органдары жүргізеді.

Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар