$ 476.75 € 541.59 ₽ 6.06

Павлодарда қарт науқастарды ұрды деген ақпарат тексеріледі

Абдрахманов Мағжан
29 шілде 2026, 17:43
Павлодарда қарт науқастарды ұрды деген ақпарат тексеріледі Сурет авторы: Magnific

Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы қарт науқастарға күш қолданылды деген ақпаратқа байланысты қызметтік тексеру жүргізеді. Бұл туралы мекеме өкілдері хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары орталық қызметкерлерінің бірі ерлер бөліміндегі науқастарға қатыгездік көрсететінін жазған. Өтініш авторының айтуынша, егде жастағы адамдарды бейнебақылау орнатылмаған жерлерде ұрады.

Орталық өкілдері осы уақытқа дейін науқастардан мұндай жағдайға қатысты арыз немесе шағым түспегенін мәлімдеді. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру басталады.

Мекеме науқастар мен олардың туыстары қолдау қызметінің 666-103 нөміріне хабарласып, өтініш қалдыра алатынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар