$ 476.07 € 541.86 ₽ 6.08

Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
27 шілде 2026, 12:44
Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты Сурет авторы: ашық дереккөзден

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майкүбі-Вест» кәсіпорнында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады өңірлік мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті.

Қайғылы оқиға 24 шілдеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1984 жылы туған тау-кен шебері жұмыс кезінде ауыр жарақат алып, сол жарақаттан көз жұмған.

Қазір оқиға бойынша тергеу басталды. Мамандар өндірістегі қайғылы жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Бұл соңғы аптада Қазақстандағы өндіріс орындарында болған алғашқы адам өлімі емес. 23 шілдеде «Алтыналмас» компаниясы өз өндірістік нысандарының бірінде машинист қаза тапқанын хабарлады. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.

20 шілдеде Павлодар облысының Жоламан ауылындағы Aqtogai Milk кәсіпорнында жабдыққа қызмет көрсету кезінде алты адам қаза тапқан еді. Бұл оқиғаны арнайы комиссия тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар