$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Павлодар облысында жер астына құлап кеткен автобус жеті айдан соң табылды

Редакция
25 шілде 2024 03:09 1502
Павлодар облысында жер астына құлап кеткен автобус жеті айдан соң табылды Сурет авторы: Павлодар облысының ТЖД

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іздестіру жұмыстары кезінде 24 шілде күні кешке "Майқайыңалтын" тау-кен учаскесі аймағында опырылған жерден құтқарушылардың автобусы табылды.

«Күн райының қолайсыздығы және құлап кету қаупіне байланысты жұмыстар аса байыппен жасалып жатыр. 25 шілде таңғы 05:00-де іздестіру жұмыстары жалғасты. Автобустың алдыңғы бөлігіне жету мүмкін болды, оның бетінде бампер мен дөңгелек көрінеді», - деп хабарлады ведомстводан.

Төртінші құтқарушы, 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.

Биыл 4 қаңтарға қараған түні түтіндеу туралы хабарл алғаннан кейін шахтаға бара жатқан құтқарушылар мінген автобус кратерге құлап кеткен. Автобуста үш құтқарушы мен жүргізуші болған. Көп ұзамай екі адамның мәйіті табылды.

Ақпан айында құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылып, мамыр айының соңында қайта жалғасты. 19 шілдеде үшінші құтқарушының денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар