$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Павлодар облысында шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер анықталды

Редакция
19 шілде 2024 02:59 1145
Павлодар облысында шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер анықталды Сурет авторы: kolesa.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелден көлік құралдарын бастапқы тіркеуді заңсыз жүзеге асырғандарды анықтады.

Бұл тұлғалар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден астам жүк көлігін бастапқы тіркеуге заңсыз қоюды жүзеге асырған.

Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізген. Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам залалға әкеп соқтырды.

Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» және «үй қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

Соңғы жаңалықтар