$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Павлодар облысында шенеуніктер қоныс аудару бағдарламасы аясында 600 млн теңге жымқырған

Редакция
14 мамыр 2024 04:16 2213
Павлодар облысында шенеуніктер қоныс аудару бағдарламасы аясында 600 млн теңге жымқырған Сурет авторы: Max Zolotukhin/Getty Images

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері анықтады. Жоба мақсаты – азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру. Қоныс аудару тек қағаз жүзінде орындалған.

"Бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған, оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50% өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған" – делінген хабарламада.

Халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған.

Тек 6 ауданда ғана 600 млн. теңгеге шығын анықталды.

Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар