$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Павлодар әуежайы 7 айға жабылады

Редакция
11 наурыз 2025 07:20 3300
Павлодар әуежайы 7 айға жабылады Сурет авторы: pavon.kz

Павлодар облысындағы әуежай 1 сәуір мен 1 қараша аралығында жабылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мәлім болды, деп хабарлады "Павлодар-онлайн".

Әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейту және жаңарту бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Егер жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмаса, әуежай 2026 жылы ұшу жарамдылығы сертификатын ала алмай, рейстерді қабылдау мүмкіндігінен айырылады.

Бастапқыда жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Алайда мердігерді анықтау бойынша ұзаққа созылған конкурс нәтижесінде жөндеу жұмыстарының мерзімі 2025 жылға ауыстырылды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жөндеу жұмыстарының мерзімі туралы ақпаратты халыққа уақтылы жеткізбегені үшін жауапты тұлғаларға ескерту жасады.

"Егер жөндеу уақытында аяқталмаса, Павлодар әуежайы ұшуға жарамдылық сертификатын ала алмай қалады. Бұл өңірдегі әуе қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан жұмыстарды сапалы әрі уақытында аяқтау маңызды," – деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар