$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Павел Дуров Көлсайда суға түсті: ұлттық саябақ тексеріс бастады

Абдрахманов Мағжан
08 қазан 2025 10:51 304
Павел Дуров Көлсайда суға түсті: ұлттық саябақ тексеріс бастады Сурет авторы: видеодан кадр

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға сапары кезінде Көлсай көлдеріне барып, суға түскен. Ол бұл сәтті өз Telegram-арнасындағы сториске жариялап, жазба астына «Керемет шомылдым» деп жазған.

Алайда Көлсай көлдері ерекше қорғалатын аумаққа жатады және ұлттық саябақ ережесіне сәйкес онда шомылуға тыйым салынған.

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағының өкілдері бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс бастағанын хабарлады.

«Саябақ басшылығы қызметтік тексеруді бастап кетті. Қорытындысы бойынша аумақты бақылауда әлсіздік танытқан жауапты қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылады», – делінген ресми мәлімдемеде.

Дуров әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, Павел Дуров Қазақстанға Digital Bridge форумына қатысу үшін келген. Форумнан кейін ол Алматыға барып, қала әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен. Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект зертханасын дамыту, ақпараттық технология саласындағы жас таланттарды қолдау және AI-ды білім беру жүйесіне енгізу мәселелерін талқылаған.

Соңғы жаңалықтар