$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Павел Дуров Астанада Alem.Ai ғимаратында ЖИ-зертхананың ашылатынын жариялады

Абдрахманов Мағжан
02 қазан 2025 11:57 355
Павел Дуров Астанада Alem.Ai ғимаратында ЖИ-зертхананың ашылатынын жариялады Сурет авторы: Ақорда

Астанада өткен Digital Bridge 2025 форумында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров жаңа жасанды интеллект зертханасының (ЖИ-зертхана) ашылатынын хабарлады. Зертхана Alem.Ai ғимаратында орналасып, Қазақстанның суперкомпьютерлік кластерімен бірлескен жоба ретінде іске қосылмақ.

Дуровтың айтуынша, бастама Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігінің қолдауымен жүзеге асады.

"Бұл жоба несімен ерекше? Соңғы айларда біз Telegram командасымен блокчейн мен жасанды интеллекттің тоғысында жаңа технология әзірледік. Бұл технология әлем бойынша миллиардтан астам адамға ЖИ мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады. Ең бастысы – бұл жүйе орталықтандырылған компьютерлік платформа арқылы жұмыс істейтін болады", – деді Павел Дуров.

Соңғы жаңалықтар