$ 474.04 € 555.01 ₽ 6.45

Парламент «Қазақстан халық кеңесі» туралы заң жобасын мақұлдады

Абдрахманов Мағжан
15 мамыр 2026, 12:17
Парламент «Қазақстан халық кеңесі» туралы заң жобасын мақұлдады Сурет авторы: informburo.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан халық кеңесі» туралы конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатты Ерлан Сәрсембаев таныстырды.

Министрдің айтуынша, жаңа орган халық мүддесін білдіру және мемлекеттік саясатқа қоғамдық қатысуды қамтамасыз ету үшін құрылады. «Қазақстан халық кеңесі» жоғары конституциялық консультативтік орган мәртебесіне ие болады.

Жобаға сәйкес, кеңестің негізгі міндеттері, құрылымы және қалыптастыру тәртібі айқындалған. Ол мемлекеттік институттардың функциясын қайталамай, ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейтін алаң ретінде жұмыс істейді.

Кеңестің жоғары органы – сессия. Онда заңнамалық бастамалар мен референдум өткізу туралы ұсыныстар қаралады. Сессиялар аралығында тұрақты жұмыс істейтін төралқа қызмет атқарады. Сонымен қатар тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтары құрылады.

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес сектор, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер өкілдері енеді. Әрбір топ 42 өкіл ұсына алады. Мүшелердің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.

Жаңа орган заң шығару бастамасын ұсыну, референдум өткізуге ұсыныс беру, қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру және қоғамдық бақылауға қатысу құқығына ие болады. Сондай-ақ ол әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастырумен айналысады.

Заң күшіне енген жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күші жойылады.

Соңғы жаңалықтар