$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Париж Олимпиадасында қанша спортшы ел намысын қорғайды?

Редакция
09 шілде 2024, 06:34
Париж Олимпиадасында қанша спортшы ел намысын қорғайды? Сурет авторы: olympic.kz

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады.

Ермек Маржықпаев ел спортшыларының 33-жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді.

Оның айтуынша, төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды. 

Соңғы жаңалықтар