$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Париж олимпиадасына жолдама алғандар саны 50-ге жетті

Редакция
06 мамыр 2024 08:55 2660
Париж олимпиадасына жолдама алғандар саны 50-ге жетті Сурет авторы: olympic.kz

Париж олимпиадасына жолдама алған спортшыларымыздың саны 50-ге жетті, деп хабарлайды Qrnews.kz  тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Кезекті жолдаманы көркем гимнастика шебері Эльжана Таниева жеңіп алды. Ол Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатына қатысқан болатын.Таниева көпсайыс бәсекесінде ең жоғары ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.

Париж олимпиадасына дайындық жөніндегі штаб өкілдері Қазақстан спортшылары сәуір айында жоспарды асыра орындап, 18 лицензия жеңіп алғанын мәлімдеді. Мамыр айында тағы 20 жолдама алу жоспарда бар.

Айта кетейік, бірер күннен кейін Астанада Париж олимпиадасы алдындағы соңғы лицензиялық жарыстардың бірі –жапон жекпе-жегінен әлемдік гран-слэм өтеді. Елдос Сметов бастаған ұлттық құрама алдағы додаға қызу дайындалып жатыр. 

 

Соңғы жаңалықтар