Париж-2024: Көршілеріміз спорттан бізді озып кетті ме?
Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады. Бұл – алдыңғы Токио-2020 Олимпиадасымен салыстырғанда жақсы көрсеткіш, алайда қырғыз және өзбек елімен салыстырсақ, прогресс бізге қарағанда, көрші елдерде байқалады.
Бұл екі ел Токиода Қазақстаннан басым түскен болатын. Өзбекстан 3 алтын, 2 қоламен 32-орынға жайғасса, Қырғызстан 2 күміс, 1 қоламен 70-орынға тұрақтады. Еліміздің спортшылары 8 қола еншілеп, жалпы есепте 83-орыннан көрінді.
Ал Париж Олимпиадасында өзбек елі 8 алтын, 2 күміс, 3 қоланы қанжығасына байлап, жалпы есепте 13-ші, Орталық Азия елдері ішінде 1-орынға шығып, тарихи нәтиже көрсетті. Қырғыз елі де 2 күміс, 4 қоланы қоржынға салып, доданы 69-орында аяқтап, жүлде саны бойынша ең нәтижелі Олимпиадаларын өткізді.
Үш жыл бұрынғы Олимпиадамен салыстырғанда, жүлделеріміз сапалырақ болса да, алтынмен апталып, күміспен күптелсек те, жүлде санымен Токиодағы нәтижеден аса алмадық. Сол кезде спорт шенеуніктері журналистердің “біз неге сәтсіздікке ұшырадық, ал Өзбекстан үш алтынға қол жеткізді?” деген сұрағына “бұл өзбек спортының біздікінен үш есе жақсы екенін білдірмейді” деп жауап қайтарған болатын. Араға үш жыл салып, алтын бойынша салыстырар болсақ, Өзбекстан спортта “8 есе” жақсы екенін көрсетіп отыр.
Қазақстанда да, Өзбекстанда да танымал әрі жүлде әкелетін спорт түрлері болып саналатын, мемлекет тарапынан жақсы қаржы бөлінетін бокс, дзюдо, күрес секілді спорт түрлерінен көршіміз бізден басым түсті.
Алдымен боксты қарастырайық. Боксшыларымыз 1 күміс, 1 қола иеленіп, алтынсыз қалды. Бокстан алтынды соңғы рет Рио-2016-да Данияр Елеусінов алып берген еді. Қазақстандықтар медаль күткен Қамшыбек Қоңқабаев, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов бірінші төбелестерінде-ақ жеңіліс тапты.
Өзбекстандық былғары қолғап шеберлері жеті салмақ дәрежесінің бесеуінде алтын алды.
Дзюдода еліміз жақсы нәтиже көрсетті. Елдос Сметов Рио-2016-дағы күміс пен Токио-2020-дағы қоладан кейін көп күткен алтынына қол жеткізді. Ғұсман Қырғызбаев қола медаль иеленді.
Бірақ бұл жерде де көршімізден оза алмадық. Өзбек дзюдошыларында бір алтын, екі қола.
Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев күмісті қоржынға салды. Бірақ оның жүлдесі де Өзбекстанды озуға жеткіліксіз болды. Өзбекстанның еркін күрес палуандары бір алтын, бір қоламен алға шықты.
Елдос Сметов үш Олимпиада қатарынан жоғары нәтиже көрсетсе, Өзбекстанның 3 спортшысы екінші рет Олимпиада чемпионы атанды. Тағы бір Олимпиада чемпионы күміс жүлде жеңіп алды.
Өзбекстан құрамасы Олимпиада футболына да қатысып, өз тобында 3-орын алғанын айта кеткен жөн. Біздің ел командалық спорт түрінен сайысқа түспеді.
Спорт журналисі Леонид Юрьев осы Олимпиададан соң спортымыз құлдырап кеткенін мойындауымыз керек деді.
“Көршіміздің бізден асып түскенін мойындасақ, бізде екі таңдау болады: берілу немесе болашағымыз үшін күресу, яғни тиімді сараптама жасап, бюджет қаражатын дұрыс игермегендерді жауапқа тарту, ұлттық құрамаға іріктеуді ашық өткізу, тағысын тағы. Әйтпесе, Лос-Анжелесте осы нәтижеміз кереметтей көрінеді”, – деп жазды Леонид Юрьев “Бей в кость” Telegram арнасында.
Енді қырғыз еліне тоқталайық. Иә, бауырлас ел бұл Олимпиада да алтынға қол жеткізе алмады. Бізден де озбады. Дегенмен Олимпиадаға қатысқан 16 спортшысының алтауы жеңіс тұғырынан көрінді, тағы төртеуі үздік бестікке енді. Яғни, Олимпиадаға қатысқан спортшыларының 37,5%-ы жоғары нәтижеге жетті.
Спортты дамыту дирекциясының өкілі Шамкен Байырбек Қырғызстанда әр бапкер спортшысының шама-шарқын жақсы біледі, сондықтан ортаңқол спортшысын мемлекет қаржысына әрі-бері сүйремейді деді.
“Ірі жарыстың бірінде бапкерлерінен “мына салмақта неге спортшы әкелмедіңіздер?”деп сұрағаным бар. “Бізде бұл салмақта жоғары деңгейде күресетін ешкім жоқ” деп қысқа да нұсқа жауап берген”, – деді ол.
Соның арқасында жалғыз боксшысы, бес палуаны жүлде алды, тағы төрт палуаны үздік бестік қатарынан табылды. Жеңіл атлеттері Сардана Трофимова да марафонда мәрені 14-ші болып кесіп, өз ұлтының рекордын жаңартты.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Олимпиаданы Токио Олимпиадасындағы нәтижеден сабақ алып, Парижде жетістігімізді жақсарта алдық деп қорытындылады.
Париж Олимпиадасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан барған жанкүйер көп болды. Көгілдір экраннан тамашалағандар да аз емес. Олардың бәрі Орталық Азия елдеріне бірдей тілекші, жанкүйер болды. Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмудовтың бір-біріне деген кұрметіне жұрт сүйсінді. Қырғыз палуаны Жоламан Шаршенбектовтен жеңілген Айдос Сұлтанғали Азаттық тілшісіне спорт екі ел қарым-қатынасына ешқандай әсер етпеуі керек деп айтты. Дегенмен көрші елдерге жанкүйер болумен қатар, сарапшылар айтқандай, олардың спортта нені дұрыс жасап, оны дамытуға қандай қадамдар жасап жатқанын зерттесек, бәлкім Лос-Анжелесте жақсы нәтиже көрсетерміз.
Соңғы жаңалықтар
-
Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
1 сағат бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: қазірге дейін не белгілі?
8 сағат бұрын
-
Атбасар қаласында заманауи стандарттарға сай жаңа вокзал ашылды
13 сағат бұрын
-
Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды
14 сағат бұрын
-
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды
14 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляция қаралды: сот шешімі қандай?
14 сағат бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты
14 сағат бұрын
-
Тоғыз әскери қызметшінің қазасы: Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстауға барады
16 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар дәрігерге жазыла алмай жүр: министр мәселені шұғыл шешуді тапсырды
16 сағат бұрын
-
Сот Трамптың Ақ үйге журналистерді кіргізуге қойған тыйымының күшін жойды
16 сағат бұрын
-
Каспийде әскери оқу-жаттығу қайғылы аяқталды: тоғыз адам қаза тапты
16 сағат бұрын
-
Студенттер сарайы опырылды ма: ҚазҰУ түсініктеме берді
16 сағат бұрын
-
Amanat пен «Әділет» біріккен соң: Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланбақ
18 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстан әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 40 мемлекеттің қатарына кірді
19 сағат бұрын
-
«Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды» – Тоқаев
19 сағат бұрын
-
Темекіні ең көп тұтынатын өңір белгілі болды
20 сағат бұрын
-
Ресейде Юрий Дудь «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізілді
20 сағат бұрын
-
Шекарадан өткен жүргізушілерден ақша бопсалап келген: Жамбыл облысында қылмыстық топ әшкереленді
20 сағат бұрын
-
Си Цзиньпин АҚШ-қа барды: Трамп оны әуежайдан өзі қарсы алды
21 сағат бұрын
-
IT саласының маманы Қорғаныс министрінің орынбасары болды
21 сағат бұрын
-
Астананың жаңа әуежайын салатын серіктес белгілі болды
21 сағат бұрын
-
Римдегі Колизей қайғылы оқиғаға байланысты бір күнге жабылды
21 сағат бұрын
-
Жасанды интеллект бақылаудан шықты ма: Танымал ЖИ-агент мемлекеттік құпия файлдарды бұзып кірді
21 сағат бұрын
-
Қытай экипажын басып озды: қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында жеңіске жетті
22 сағат бұрын
-
ШҚО-ның Марқакөл ауданында 24 пәтер салынады
1 күн бұрын
-
Алматыда ЖРВИ өршіп тұр, бірақ жаңа вирус анықталған жоқ
1 күн бұрын
-
Депутат туроператорларды қазақстандықтардың отанына оралуына кепілдік беруді міндеттеуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Шетелге асқан заңсыз активтерді қайтару жеңілдемек
1 күн бұрын
-
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды
1 күн бұрын
-
Әлемді мойындатқан Елена Рыбакина елге оралды
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары мен вице-министрлер мемлекеттік басқаруға қатысты ЖИ құралдарымен танысады
1 күн бұрын
-
«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда шариғат талаптарына сай сақтандыру жүйесі енгізіледі
1 күн бұрын
-
Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды
1 күн бұрын
-
Шекерадан заңсыз жолмен 200-ден астам iPhone 18 алып өтпек болғандар ұсталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Конституциялық Соттың он судьясын тағайындады
1 күн бұрын
-
Екпе қайда: Қазақстандықтар неліктен тұмауға қарсы вакцина ала алмай жүр
1 күн бұрын
-
Қазақстанда 56 мұнай-газ учаскесі аукционға шығарылды
1 күн бұрын
-
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды
1 күн бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және тұман: 23 қыркүйекте күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
Brent бағасы 100 доллардан төмен түсті: мұнай неге арзандады
2 күн бұрын
-
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс
2 күн бұрын
-
Апелляциялық сот Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
2 күн бұрын
-
Кітап оқу адамға не береді: журналист Ержан Жаубай жеті пайдасын атады
2 күн бұрын
-
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды
2 күн бұрын
-
Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
2 күн бұрын