$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

Парашют ашылмай қалған: Ақтөбеде әскери курсант жаттығу кезінде қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
16 шілде 2025 14:13 110
Парашют ашылмай қалған: Ақтөбеде әскери курсант жаттығу кезінде қаза тапты Сурет авторы: Sputnik / Виталий Аньков

15 шілде күні таңертең Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты жаттығу кезінде қайтыс болды. Бұл туралы институттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жас сарбаз жоспарлы оқу-жаттығуын жасап жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, парашюттен секіру кезінде парашют дұрыс ашылмай, ол ауыр жарақат алып, сол жерде жан тапсырған.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Институт марқұмның туыстарына көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмекті көрсететінін жеткізді.

 
 

Соңғы жаңалықтар