$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Пара беру мүмкін емес: Албания әлемде алғашқы болып министр қызметіне жасанды интеллектіні тағайындады

Абдрахманов Мағжан
12 қыркүйек 2025 15:21 822
Пара беру мүмкін емес: Албания әлемде алғашқы болып министр қызметіне жасанды интеллектіні тағайындады Сурет авторы: The Daily Guardian

Албания Премьер-министрі Эди Рама үкімет құрамында жаңа виртуалды министрлік құрылғанын мәлімдеді. Оны жасанды интеллект негізінде жасалған Diella атты бот басқарады. Бұл туралы Tema газеті хабарлады.

Раманың айтуынша, Diella мемлекеттік сатып алулар министрлігін басқарады және елдегі барлық мемлекеттік тендерлерді қадағалауға жауапты болады. Премьер-министр ЖИ-дің енгізілуі арқылы мемлекеттік келісімшарттар саласында ашықтық қамтамасыз етілетінін және жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Diella – министрлер кабинетінің физикалық тұрғыда емес, жасанды интеллект арқылы құрылған алғашқы мүшесі. Ол Албанияны мемлекеттік тендерлері толықтай жемқорлықтан таза елге айналдыруға көмектеседі", – деді Эди Рама жаңа үкімет құрамын таныстыру кезінде.

Diella албан тілінен аударғанда «күн» деген мағынаны білдіреді. Ол бұған дейін e-Albania жобасында виртуалды көмекші ретінде жұмыс істеп келген.

Соңғы жаңалықтар