$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

Papa John’s пицца желісі Қазақстанда жабылады

Редакция
11 желтоқсан 2025, 14:28
Papa John’s пицца желісі Қазақстанда жабылады Сурет авторы: thebtw.com/news

Papa John’s пицца желісі Қазақстан мен Қырғызстанда жабылады. Бұл туралы мастер-франчайзи иесі Данияр Монолбай Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Компанияның жабылуына табыстың ұзақ уақыт бойы төмендеуі, шығындардың ұлғаюы және қаржылық міндеттемелердің жиналуы себеп болды.

«Барлық қолжетімді қаражатты ең маңызды төлемдерге бағыттадық: жалақы, салықтар, жалдау ақысы және қарыздардың бір бөлігін өтеу. Қазақстанда да қызметкерлердің басым бөлігіне басқа компанияларда жұмысын жалғастыруға көмектесе алдық. Бұл қызметімізді аяқтаудың маңызды бөлігі болды, және әрқайсысына еңбегі үшін алғыс айтамын», – деп жазды Монолбаев.

Америкалық Papa John's International пицца желісінің Қазақстан нарығына  2017 жылы  кірген еді. Елде Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Тараз және Ақтауда 15 ресторан жұмыс істеп келген.

 

Соңғы жаңалықтар