$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Ozon сатушыларға тауарларын Алматы мен Астана қоймаларына орналастыруды ұсынды

Абдрахманов Мағжан
02 қыркүйек 2026, 10:14
Ozon сатушыларға тауарларын Алматы мен Астана қоймаларына орналастыруды ұсынды Сурет авторы: shutterstock

Ozon сауда алаңы сатушыларға 1 қыркүйектен бастап тауарларын Алматы мен Астанадағы қоймаларға орналастыруды ұсынды. Компания бұл қоймалардан Ресей, Қазақстан және Қырғызстандағы тұтынушыларға тапсырыс жеткізілетінін хабарлады.

Ozon мәліметінше, Қазақстандағы қоймалар жергілікті сатып алушыларға тауарды жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге Ресейге жөнелтілетін тапсырыстар да осы қоймалардан жеткізілмек.

Компания 30 қыркүйекке дейін Алматы мен Астанаға тауар тасымалдағаны үшін сатушылардан бөлек ақы алмайтынын мәлімдеді. Қазақстандағы қоймаларға тауар санына шектеу қойылмайды, ірі көлемді жүктерді де орналастыруға болады.

Ozon Ресейге жеткізу мерзімі қашықтық ұлғайғанына қарамастан қолайлы болып қалатынын айтады. Мәселен, Екатеринбургке Қазақстаннан тапсырыстар орта есеппен 4–5 күнде жеткізіледі.

Бұл шешім Ресейдегі сауда алаңдарының қоймаларына жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуылдарының аясында қабылданып отыр. Дереккөз мәліметінше, тамыздың соңында Ozon қоймалары да соққыға ұшыраған. Бұған дейін Wildberries ұзақ сақталатын тауарлардың бір бөлігін Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына бағыттау мүмкіндігін қарастыра бастаған.

Ресейдегі шабуылдардан кейін Ozon акциялары Мәскеу биржасында шамамен 26%-ға төмендегені де хабарланған. Ал ресейлік сауда алаңдары логистикасы мен қоймалары зардап шеккен сатушыларды қолдау үшін бюджеттен тікелей өтемақы төлеуді сұраған.

Соңғы жаңалықтар