$ 474.04 € 555.01 ₽ 6.45

«Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезінемін» деген ресейлік бойжеткен жауапқа тартылды

Абдрахманов Мағжан
15 мамыр 2026, 18:23
«Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезінемін» деген ресейлік бойжеткен жауапқа тартылды Сурет авторы: видеодан кадр

Қазақстанда әлеуметтік желіде даулы мәлімдеме жасаған Ресей азаматшасы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Бұған дейін интернетте қыздың бейнежазбасы тараған болатын. Онда ол Қазақстанда банк картасын ашу қиын екенін айтып, эмоцияға беріліп, бейәдеп сөздер қолданған. Сонымен қатар оның «өзін Ресейдегі өзбек сияқты сезінетінін» айтқан сөзі қоғамда кең талқылауға түсті.

Оқиғадан кейін полиция тексеріс жүргізіп, қызды қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Ведомство мәліметінше, оған қатысты 10 тәулікке қамау түріндегі жаза қолданылған.

Қазіргі уақытта оқиға қоғамда қызу пікірталас тудырып отыр.

Соңғы жаңалықтар