$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

«Өзімді өртеймін»: Алматыда заңсыз салынған таунхаустың иесі шу шығарды

Редакция
05 тамыз 2025 12:30 277
«Өзімді өртеймін»: Алматыда заңсыз салынған таунхаустың иесі шу шығарды Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Бостандық ауданының Ерменсай ықшамауданында (ПК «Жаңару») заңсыз салынған көппәтерлі тұрғын үй – таунхаус сүрілді. Бұл туралы депутат Бақытжан Базарбек хабарлады.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің иесі рұқсатсыз үшқабатты екі үй тұрғызған. Сот шешімімен бұл нысандарды бұзу туралы қаулы шығарылған.

Сүру жұмыстары барысында үй иесі арандатушылық әрекетке барып, өзін өртемек болған және сот орындаушысына күш қолданған.

Алматы әкімдігі мен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қала маңындағы таулы аймақтардағы заңсыз құрылыстарға қарсы күресті жалғастырып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар