$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Өзенмұнайгаз қызметкерлері жұмысқа оралды

Редакция
05 желтоқсан 2024 04:48 2282
Өзенмұнайгаз қызметкерлері жұмысқа оралды Сурет авторы: istock

2024 жылғы 5 желтоқсанда «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ БЖБ) бұрғылау жұмыстары басқармасының қызметкерлері мен кәсіподақ арасында келіссөздер өтті. Нәтижесінде келесі шешімдер қабылданды:

  • Рұқсат етілмеген наразылық акциясы аяқталды.
  • ӨМГ БЖБ қызметкерлері жұмыс орындарына толық құрамда қайта оралды.
  • Түсіндіруді және талқылауды қажет ететін мәселелер заңнама аясында келісім комиссиясында қаралатын болады.

«ҚазМұнайГаз» АҚ еңбек қатынастары жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында тікелей конструктивті диалог арқылы реттелуі тиіс екенін еске салды. Компания заң аясында өзекті мәселелерді шешуге дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар