$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Өзбекстанда дәрігер қателесіп, науқастың сау аяғын кесіп тастаған

Редакция
23 шілде 2025 17:23 293
Өзбекстанда дәрігер қателесіп, науқастың сау аяғын кесіп тастаған

Өзбекстанның Ферғана облысында дәрігер науқастың кесуге тиіс сол аяғының орнына сау оң аяғын кесіп, артынша екеуін де ампутациялаған. Операциядан кейін жағдайы күрт нашарлаған науқас бірнеше аптадан соң қайтыс болды. Бұл жөнінде qalampir.uz хабарлады.

Ең өкініштісі — отаға туыстарының келісімі алынбаған, ал процедура тәжірибесіз студенттермен бірге жүргізілген.

Кейін белгілі болғандай, операция жасаған хирург сол кезде еңбек демалысында жүрген, бірақ бөлімнің уақытша басшысын шеттетіп, шешімді өз бетімен қабылдаған.

Бұл әрекеті үшін ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және 3 жылға медицина саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар