$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Отбасы банктің ең жоғары сыйақысын алу үшін депозитті қанша теңгеге толықтыру қажет

Абдрахманов Мағжан
14 қараша 2025, 16:46
Отбасы банктің ең жоғары сыйақысын алу үшін депозитті қанша теңгеге толықтыру қажет

Отбасы банк 2025 жылға арналған депозиттік сыйақы төлеу шарттарын еске салды. Мемлекет жыл сайын өз баспанасына қаржы жинап жүрген қазақстандықтарды қолдау мақсатында салым сомасының 20 пайызы мөлшерінде сыйақы төлейді. Бұл сыйақы 200 айлық есептік көрсеткіштен (786 мың теңгеден) аспайтын сомаға есептеледі.

Банк мәліметінше, жастар бұл мүмкіндікті белсенді пайдаланып отыр. Бүгінде 18 бен 35 жас аралығындағы 1,4 миллионнан астам жас қазақстандық баспанаға қаржы жинап жатыр.

«2025 жылы да ерекшелік болмайды. Жыл қорытындысы бойынша 157 280 теңге көлеміндегі ең жоғары сыйақыны алу үшін депозитті 786 400 теңгеге дейін толықтыру қажет. Бұл қаражатты 31 желтоқсанға дейін аударып үлгеру керек», – делінген банк хабарламасында.

Отбасы банктің дерегінше, мемлекет қолдауы мен тұрақты жинақтардың арқасында өткен кезеңде 129 448 жас салымшы өз баспанасын сатып алған. Орташа несие көлемі шамамен 18,8 миллион теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар