$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Отбасы банкі "Наурыз" бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады

Редакция
15 шілде 2024 04:46 1923
Отбасы банкі "Наурыз" бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады Сурет авторы: Fotolia/Anna Baburkina

«Отбасы» банкі «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады. 12 500 қазақстандық ипотека ала алады.

Барлығы 38 320 өтініш қаралып, әр үшінші қатысушының өтініші қабылданды. Үміткерлердің көбі – ер адамдар. Тізімге енген 12 500 адамның 7151-і некеде тұрған қазақстандықтар, 9100-і кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отыр.

«Енді олар 15 шілде мен 14 қыркүйек аралығында «Отбасы банкіне» несие алу туралы өтініш беруі керек. Бағдарламаға қатысушыға несие мақұлдайтын болса, баспана тауып, сатып алуға желтоқсан айының ортасына дейін уақыты бар», - делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар