$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды

Редакция
24 маусым 2024 01:53 3495
Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды Сурет авторы: depositphotos.com

Отарда комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды. Бұл туралы сарбаздың өгей әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ол дәрігерлерге және қиын сәтте қолдаған барлық қазақстандыққа алғыс білдірді.

"Біз сіздерге қуанышты жаңалықты жеткізгіміз келеді: біздің ұлымыз комадан шықты! Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің айтуынша, есеңгіреген күйде. Бізді таниды, бірақ трахеостомия салдарынан сөйлей алмайды. Алайда жағдайы ауыр, ол 6-8 сағатқа созылатын диализден өтуде. Осы уақыт аралығында оны тыныштандыру қажет, ол өзіне немесе жабдыққа зиян келтірмеуі үшін медикаментозды седация жүргізіледі. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, оларға бөлек алғысымды айтамын", - деп хабарлады Тимур Жаналин.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық әйелдің жалғыз 19 жастағы ұлының комада жатқанын және жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын хабарлаған бейнежазба тараған еді. Сарбаздың ата-анасы ұлдарының Жамбыл облысында әскери қызметін өткеру барысында физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты.

Сарбаздың анасы Президент Тоқаевқа үндеу жолдаған. Кейін Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарбаздың анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысқанын жазды.

Кейін зардап шеккен сарбаздың анасы ел президентіне істі өз бақылауына алуды сұрап тағы да үндеу жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне армияда осындай жағдайлардың орын алуына жол бермеу қажеттігіне назар аударуды және тергеуді бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар