$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

"Осы күнге дейін балдарым үшін еңбек еттім" Қабатов экс-жұбайы Мөлдір Мұқанованың айыптауына жауап берді

Дулат Абдраманов
03 қараша 2025 15:42 1412
"Осы күнге дейін балдарым үшін еңбек еттім" Қабатов экс-жұбайы Мөлдір Мұқанованың айыптауына жауап берді Сурет авторы: Әлеуметтік желі

Танымал қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың мәлімдемесіне пікір білдірді. Мұқанова жақында сұқбат беріп, Қабатовпен ажырасуына қатысты бірқатар жайттарды жария еткен. Оның ішінде «әзілкеш балаларынан келетін хабарламаларға жауап бермейді, тіпті оларға блок қояды» деген айып та бар.

Бұл сөздер қоғамда да, әлеуметтік желіде де қызу талқыланды.

Алайда Қабатов бұл айыптауларды жоққа шығарды. Ол бүгін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, балаларын ешқашан бұғаттамағанын айтты.

«Мен ешқашан балаларымды бұғаттаған емеспін. Мен балаларыммен біргемін. Жақсы көремін», – деп жазды ол.

Қазір желі қолданушылары пікірге екіге бөлінген: бір бөлігі Мұқанованы қолдаса, енді бір бөлігі Қабатовтың өз позициясын ұсынғанын дұрыс деп есептеп отыр.

Соңғы жаңалықтар