$ 461.26 € 542.58 ₽ 6.18

Өскемендегі «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

Абдрахманов Мағжан
12 мамыр 2026, 13:31
Өскемендегі «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды Сурет авторы: ҚР ТЖМ

Қазмырыш зауытындағы жарылыстан ауыр жарақат алған жұмысшы көз жұмды. Компания мәліметінше, ол 13 мамырға қараған түні қайтыс болған.

Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Қазір оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, 5 мамырда Өскемендегі «Қазмырыш» зауытында жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, екі жұмысшы қаза тапқан.

Осылайша, апаттан көз жұмғандар саны үш адамға жетті.

Соңғы жаңалықтар