$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

ӨСКЕМЕНДЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА «ҚЫСҚЫ СПОРТ-ФЕСТ» ХОККЕЙ ТУРНИРІ ӨТТІ

Дулат Абдраманов
04 ақпан 2026, 10:51
ӨСКЕМЕНДЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА «ҚЫСҚЫ СПОРТ-ФЕСТ» ХОККЕЙ ТУРНИРІ ӨТТІ

Өскемен қаласында жастар арасында шайбалы хоккейден «Қысқы спорт-фест» турнирі ұйымдастырылды. Жарыс 29–30 қаңтар күндері Б. Александров атындағы Спорт сарайында өтті.

Додаға 2008–2010 және 2012–2014 жылдары туған жасөспірімдерден құралған сегіз команда қатысты. Атап айтқанда, «Торнадо», «Локомотив», «Титан», «Устинка», «Ульбинка», «Кедр» және «КШТ» командалары мұз айдынында бақ сынасты.

Турнир салауатты өмір салтын насихаттауға және жас спортшыларды қолдауға бағытталды. Шараның өтуіне өңір әкімдігі, құқық қорғау органдары мен жеке компаниялар қолдау көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Устинка» командасы чемпион атанды. Екінші орынды «Ульбинка» иеленсе, үшінші орын «КШТ» командасына бұйырды.

Марапаттау рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жас хоккейшілерге сәттілік тілеп, олардың арасында болашақта кәсіби спорт жұлдыздары өсіп шығатынына сенім білдірді.

Жеңімпаздар мен қатысушылар медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар