$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

Өскеменде мыңдаған жасөспірімді қамтыған ауқымды турнир аяқталды

Редакция
29 қыркүйек 2026, 10:19
Өскеменде мыңдаған жасөспірімді қамтыған ауқымды турнир аяқталды Сурет авторы: ШҚО баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында спорттық аула клубтары лигасының шешуші бәсекесі аяқталды. 24–27 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында мектеп оқушылары арасында шағын футбол мен үстел теннисінен облыстық турнирдің финалдық кезеңі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауқымды спорттық іс-шара Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен және өңір әкімдігінің тікелей қолдауымен өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты — «Заң мен тәртіп» идеологиясын кеңінен ілгерілету, балалар мен жасөспірімдерді бұқаралық спортқа баулу және олардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыру болып табылады.

Спорттық аула клубтары лигасы Шығыс Қазақстан облысының 2026–2027 жылдарға арналған жастар саясатын іске асыру стратегиясы шеңберінде құрылған. Жазғы демалыс кезеңінде өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан келген жасөспірімдер шағын футбол мен үстел теннисі бойынша аймақтық іріктеу жарыстарына қатысты.

Жазғы кезеңдегі жарыстармен жалпы алғанда 4,5 мыңнан астам бала қамтылды. Оның ішінде 3 261 қатысушы шағын футболдан, ал 1 357 жасөспірім үстел теннисінен бақ сынады.

Өскеменде өткен финалдық кезеңде облыстың ең үздік командалары мен спортшылары өзара мықтыны анықтады. Шешуші сайысқа барлығы 663 мектеп оқушысы қатысты, оның 468-і шағын футболдан, 195-і үстел теннисінен сынға түсті.

Соңғы жаңалықтар