$ 486.19 € 554.26 ₽ 6.51

Орынбордағы газ өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасады: Бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді?

Абдрахманов Мағжан
24 маусым 2026, 15:44
Орынбордағы газ өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасады: Бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді? Сурет авторы: ОГӨЗ

Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресейдің Орынбор облысындағы газ өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылы елдегі тауарлық газ жеткізіліміне әсер етпейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары 24 маусымға қараған түні Орынбор облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорын маңында бірнеше ұшқышсыз аппараттың атып түсірілгенін хабарлаған. Бұл туралы өңір губернаторы Евгений Солнцев мәлімдеген.

Қазақстан Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікбаеваның айтуынша, оқиғаға қарамастан ел тұтынушыларына газ жеткізу тұрақты режимде жалғасып жатыр.

«Диспетчерлік қызметтер логистикалық бағыттарды жедел түзетті. Газдың қарсы көлемдері балама бағыт арқылы жеткізіліп жатыр. Қажетті көлем басқа көздер есебінен толық қамтамасыз етілуде. Қазақстанның газ инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – деді ведомство өкілі.

Министрлік мәліметінше, ішкі нарық энергетикалық ресурстармен толық қамтылған. Қазіргі уақытта мемлекеттік орган мен ұлттық оператор жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар