$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2835
Орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды Сурет авторы: ашық дереккөзден

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам. Оларға жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлайды qrnews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 млрд  теңге жұмсалды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге.

Соңғы жаңалықтар