$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер Қазақстанға жеткізілді

Редакция
19 мамыр 2025 03:38 3238
Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер Қазақстанға жеткізілді

Қазақстанға Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер жеткізілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Суперкомпьютердің өнімділігі шамамен 2 экзафлопсқа жетеді. Ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арналған ең заманауи NVIDIA H200 графикалық чиптері негізінде құрастырылған.

Мұндай есептеу қуаты қазіргі таңда денсаулық сақтау, энергетика, білім беру және мемлекеттік қызмет көрсету сияқты көптеген салада қолданылады.

Суперкомпьютер елордада орналасатын Tier III деңгейіндегі жаңа деректер орталығына орнатылады. Оның ресурстары баршаға қолжетімді болады. Министрлік мәліметінше:

– стартаптар нейрожелілерді оқытуға,

– университеттер іргелі және қолданбалы зерттеулерге,

– ғылыми орталықтар мен компаниялар жасанды интеллектіні бизнеске енгізуге пайдалана алады.

Суперкомпьютер кластерін Қазақстанда құру туралы келісім Абу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Халед бен Мұхаммед Әл Нахайянның елімізге ресми сапары аясында жасалған.

Соңғы жаңалықтар