Орталық Азия елдері мен Корея депутаттары бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі
Дулат Абдраманов
Сурет авторы: ҚР Мәжіліс баспасөз қызметі
«Адами қадір-қасиет, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау жолындағы ынтымақтастық» тақырыбында өткен пленарлық сессияда сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы ұсынылған күн тәртібінің өзектілігін атап өтті.
– Бүгінгі кездесудің тақырыбы – Қазақстан үшін өте жақын әрі маңызды. Адами қадір-қасиет, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау елімізде іске асып жатқан реформалармен толық үндесіп, біте-қайнасып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр бастамасының негізінде осы мызғымас принциптер тұр. Әділеттілік идеясы – ұлттық идеологиямызға айналды. Өз кезегінде, бұл қағидалар – аймағымыздағы, тіпті әлемдегі тұрақты даму мен қауіпсіздіктің кепілі. Сондықтан бұл кездесу «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумының күн тәртібін жаңа маңызды бағыттарымен кеңейте түсті, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикерінің пікірінше, адамның қадір-қасиетіне құрметпен қарау – Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтарымызға ежелден тән қасиет. Орталық Азия өзге халықтардың мәдениетіне, дініне және дәстүріне гуманизммен қарап, ашықтықтың үлгісін көрсетіп келеді. Тарихтағы ең тауқыметті кезеңдерде бұл жерге тұтас этностар жер аударылды. Соның ішінде шамамен 80 жыл бұрын корей халқы пана тапты.
Қазіргі алмағайып заманда осы қасиеттерді сақтап, оны келер ұрпақтың бойына сіңіру қажет. Сонда ғана олар кибербуллинг, құмар ойындар мен нашақорлық сияқты кеселдерге бірге төтеп бере алады. Қазақстан Президенті Орталық Азияның ең маңызды және ең құнды ресурсы білімді жас ұрпақ екенін талай рет атап өтті. Сондықтан жас буынға ерекше көңіл бөліп, ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы олардың дамуына барлық жағдай жасау керек. Мысал ретінде Қызылорда қаласында ашылған Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің Жасанды интеллект институты мен Түркістан қаласында ашылған Усонг университетінің филиалын айтуға болады. Ол тұтас Орталық Азия жастары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Әлеуметтік әділдік туралы айта келе, Ерлан Қошанов бұл Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі қағидаты екеніне назар аударды. Аталған принцип заңнамалық деңгейде барлық азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ ол әлеуметтік маңызы бар барлық салада, соның ішінде Корея әлемде көшбасшы болып саналатын денсаулық сақтау мен фармацевтика бағыттарында тәжірибе алмасуды кеңейтуге және ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.
Мәжіліс төрағасы өз баяндамасында цифрландыру мен жасанды интеллект мәселелеріне де ерекше көңіл бөлді. Ол форумға қатысушыларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсаты туралы айтып, соған жетуге бағытталған ауқымды бағдарлама жайлы мәлімет берді. Атап айтқанда, Жасанды интеллект туралы заң қабылданды, Цифрлық кодекс бойынша жұмыс аяқталуға жақын. Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылып, Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды. Бұл корейлік әріптестермен бірлесіп жұмыс істеуге жақсы негіз болып отыр. Ерлан Қошанов форумға қатысушыларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы аясында Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру жөнінде Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.
Мәжіліс спикері экологиялық күн тәртібінің маңыздылығына тоқталып, өңірдегі бірқатар өзекті сын-қатерді ортаға салды. Олардың қатарында Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, Аралдың тартылуы салдары және су ресурстарының тапшылығы бар.
Бұл орайда Мәжіліс төрағасы парламенттер арасындағы экология мәселелері бойынша өзара байланысты күшейтіп, бірлескен ғылыми зерттеулерді көбейту қажеттігін атап өтті. Корей ғалымдарының қатысуымен жүзеге асырылған Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу – үлгі боларлық жобаның бірі. Сондай-ақ Кореяның теңіз ормандарын құру тәжірибесі де үлкен қызығушылық тудырады.
Мәжіліс спикері әріптестерін 2026 жылы Астанада жоспарланып отырған Өңірлік экологиялық саммитте қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жаңа әрі батыл шешімдер ұсынуға шақырды.
Осы ретте БҰҰ аясындағы Халықаралық су ұйымының қызметі үшін де жаңа көкжиектерге жол ашылады. Аталған ұйымды құру идеясын Қазақстан Президенті жуырда ғана Ашхабадта өткен халықаралық форумда көтерген болатын.
Ерлан Қошанов Қазақстан мен Өзбекстанда атом электр стансаларын салудың басталуына байланысты ашылып жатқан жаңа экологиялық перспективаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл стансалар таза энергия алу мен «жасыл» технологияларды дамытудың сенімді көзіне айналады, зиянды шығарындыларды едәуір азайтып, өңірдің энергетикалық дербестігін нығайтады. Сондай-ақ Палата спикері экологиялық мәдениетті қоғам санасына сіңіруге арналған отандық тәжірибе – «Таза Қазақстан» қозғалысын да тілге тиек етті.
Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың оң қарқынын атап өтіп, сирек кездесетін металдар өндіру мен қайта өңдеуде, ауыл шаруашылығы, көлік пен логистика салаларында әріптестікті кеңейтуге зор мүмкіндіктер бар екеніне мән берді.
Форумның күн тәртібін әрі қарай талқылау экономикалық ынтымақтастық, цифрлық трансформация және өнеркәсіп мәселелеріне, сондай-ақ орнықты дамуды қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауға арналған екі панельдік сессия аясында жалғасты. Бұдан бөлек, форумға қатысушы елдердің парламенттеріндегі талдау орталықтары мен ғылыми қауымдастықтардың өкілдерінің кездесуі өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша парламентарийлер Бірлескен декларация қабылдады.
Форум аясында Ерлан Қошанов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы У Вон Шикпен, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрайымы Танзила Нарбаевамен және Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоиловпен парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сонымен бірге форумға қатысушылар Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына барды.
Орталық Азия мемлекеттері және Корея Республикасының парламенттері спикерлерінің төртінші кездесуін 2026 жылы Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
17 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
2 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
2 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
3 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын