$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Oreo қауіпті ме? Санитарлық бақылау комитетінің ресми жауабы

Редакция
12 қаңтар 2026, 15:42
Oreo қауіпті ме? Санитарлық бақылау комитетінің ресми жауабы Сурет авторы: pngtree

 Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде тараған Oreo-ның «пластик» салмасы мен печеньенің «артерияларды бітейтін» әсері туралы ақпараттың ғылыми дәлелі жоқ екенін мәлімдеді.

2025 жылы печенье сынамаларына зертханалық тексерулер жүргізілді: микробиологиялық және токсикологиялық нормалардың бұзылуы анықталған жоқ, таңбалануы талаптарға сәйкес келді. Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар