$ 460.13 € 532.6 ₽ 5.42

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Абдрахманов Мағжан
18 тамыз 2026, 17:37
Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты Сурет авторы: gulnara.bazhkenova/ Facebook

Алматының Бостандық аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты 18 тамызда Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы, журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот Бажкенованы 8 жылға бас бостандығынан айырды. Жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды.

Бұған дейін, 14 тамызда прокурор журналисті 8 жылға бас бостандығынан айыруды және жазаны өтеуді екі жылға кейінге қалдыруды сұраған. Сонымен қатар айыптаушы тарап оны бес жылға қоғамдық және кәсіби қызметпен айналысу құқығынан айыруды талап еткен.

Бажкеноваға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: 189-бап – «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету», 214-бап – «Заңсыз кәсіпкерлік» және 274-бап – «Көрінеу жалған ақпарат тарату».

Гүлнар Бажкенова өзіне тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарған.

Соңғы жаңалықтар