$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Оралда жұмысшы су тасқынынан бүлінген көпірді жөндеп жатқанда батып кетті

Редакция
07 тамыз 2024 02:12 1151
Оралда жұмысшы су тасқынынан бүлінген көпірді жөндеп жатқанда батып кетті Сурет авторы: youtube.com/Аскар Шайгумаров

Оралда көктемгі су тасқыны кезінде қираған көпірді жөндеу кезінде 47 жастағы жұмысшы суға батып кетті, деп хабарлайды Мой город.

Оқиға 6 тамыз күні түс ауа болған. Облыстық полицейлер Шаған өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу кезінде жұмысшының абайсызда көпірден суға құлап кеткенін хабарлады. Оны құтқару мүмкін болмады. Мәйіт судан шығарылды.

Биылғы көктемде су тасқыны кезінде аспалы көпір жартылай қираған. Байтерек ауданы Октябрьское ауылының тұрғындары жергілікті биліктен ауыл мен қаланы байланыстырып тұрған көпірді жөндеп беруді сұраған.

Соңғы жаңалықтар