$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Оралда анасы мен төрт баласы газдан уланып, ауруханаға түсті

Абдрахманов Мағжан
19 желтоқсан 2025, 18:22
Оралда анасы мен төрт баласы газдан уланып, ауруханаға түсті Сурет авторы: ашық дереккөзден

Орал қаласында анасы мен төрт баласы табиғи газдан уланып, медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға 18 желтоқсанда Зашаған кентінде болған. Бұл жөнінде Мой Город хабарлады.

Балалардың ең үлкені – 13 жаста, ең кішісі – екі жаста. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалап отыр.

Отбасы жалдамалы үйде тұрған. Балалардың әкесі бұған дейін қайтыс болғаны айтылды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, жедел жәрдем бригадалары, QazaqGaz Aimaq компаниясының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жедел жеткен. Газ көзі залалсыздандырылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Анасына да қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық зардап шеккендерде улану деңгейі орташа деп бағаланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйде газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған келісімшарт рәсімделмеген. Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады.

Соңғы жаңалықтар