$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Орал қаласының тұрғыны Украинадағы соғыста қаза тапты

Редакция
16 қыркүйек 2024 05:30 2581
Орал қаласының тұрғыны Украинадағы соғыста қаза тапты Сурет авторы: instagram/ lukpan_akhmedyarov

Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедьяров мәлімдеді.

Оның айтуынша, Орал қаласының 41 жастағы тұрғыны Айбек Рамазанов Ресей әскеріне 2023 жылы өз еркімен аттанған.

Ахмедьяров бөліскен суретке қарағанда, Рамазанов Ресей төлқұжатын 2024 жылдың тамыз айында алған. Оның үстіне оны Қазақстан Ресей Федерациясының бір бөлігі деп танымайтын Донецк Халық Республикасының Ішкі істер министрлігі шығарған.

Бұл – Украинадағы соғыста қаза тапқан екінші БҚО тқрғыны.

Соңғы жаңалықтар