$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Орал қаласының әкімі тұрғындарға көшуге дайын отыруды ескертті

Редакция
15 сәуір 2024 05:01 4998
Орал қаласының әкімі тұрғындарға көшуге дайын отыруды ескертті Сурет авторы: ҚР ТЖМ

Орал қаласында су басу қаупі сақталып отыр. Қала әкімі тұрғындарға көшуге дайын болу керектігін ескертті.

Мамандардың айтуынша, алдағы 2-3 күнде Ресей аумағынан келген судан Орал өзені арнасынан асуы мүмкін. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады.

Су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылды. Қазір 350 арнайы техника, 2 мыңға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған. Сондай-ақ өзге өңірлерден, облыс аудандарынан келген әскери қызметшілер, төтеншеліктер және еріктілер бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр.

"Ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан Жайық өзенінің жайылмасында, су басу қаупі өте жоғары Курени, Старица және Коминтерн аудандарында орналасқан саяжай учаскелерінің тұрғындарын шұғыл эвакуациялау қажет. Үлкен көлемдегі су кез келген уақытта келіп, үйлеріңізді басып кетуі мүмкін. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз, тез арада туыстарыңыздың, достарыңыздың үйіне немесе тәулік бойы жұмыс істейтін эвакуациялық орталықтарға көшіңіз",  – деді қала басшысы.

Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 8-711-2-24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар