$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Орал қалалық сотының төрағасы пара алу кезінде ұсталды

Редакция
05 қараша 2024 01:56 1932
Орал қалалық сотының төрағасы пара алу кезінде ұсталды Сурет авторы: gov.kz

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы Уральская неделя басылымы хабарлады.

Жұмағұловпен бірге екі адвокат та қамауға алынды. Олар сотталушының ісін оң шешу үшін 1,5 миллион теңге пара алған деген күдікке ілінді. Тергеу амалдары орталық аппараттың және Батыс Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлерімен жүргізіліп жатыр.

Руслан Жұмағұлов 2001-2011 жылдары БҚО прокуратура органдарында қызмет атқарған, 2011-2015 жылдары адвокат болып жұмыс істеген. 2015 жылы Уральск қалалық сотының судьясы болып тағайындалып, 2019 жылы осы соттың төрағасы қызметіне кіріскен.

Соңғы жаңалықтар