«Оның жалғыз жетістігі – Марко ван Бастенмен бірге ойнағаны»: Ермұхамед Мәулен ван ’т Шкип туралы
Сурет авторы: Qrnews/ ЖИ иллюстрациясы
Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Джон ван ’т Шкиптің тағайындалуы футбол ортасында түрлі пікір туғызды. Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маманды қиын жағдайда жұмыс істей алатын, халықаралық тәжірибесі мол бапкер ретінде таныстырды. Алайда футбол функционері Ермұхамед Мәулен бұл таңдауға әлдеқайда сын көзбен қарайды.
Qrnews Ермұхамед Мәуленмен ван ’т Шкиптің «Аякс», Грекия мен Армениядағы жұмысы, Қазақстан құрамасының қазіргі жағдайы және Ұлттар лигасындағы міндеті туралы сөйлесті.
– ҚФФ ван ’т Шкипті «қиын жағдайда жұмыс істей алатын маман» деп таңдағанын айтты. Оның карьерасында мұны дәлелдейтін кезеңдер бар ма?
– Қиын жағдайдағы, дағдарысқа ұшыраған жерлерде жұмыс істеген. Тағы сондай жерге келіп отыр. Біз де қиын жағдайда тұрған құрама ретінде шақырып отырмыз ғой бұл маманды. Ештеңе көмектеспей жатыр. Бапкер ауыстырды – болмады. Әли Әлиевті қойды, мысалы. ҚПЛ-де ешқандай жетістікке жетпеген маман болса да. Талғат Байсуфинов келіп, кішкене жақсарып қалып еді. Ол да кетті.
– Ван ’т Шкиптің пайдасына жиі айтылатын аргументтің бірі – «Аяксты» соңғы орыннан бесінші орынға көтеруі. Мұны маңызды жетістік деуге бола ма?
– Чемпион болса, мақұл ғой. «Аякс» соңғы 30 жыл бойы Голландияда үздік үштікке кіріп келген команда. Чемпиондар лигасын ұтқан команда. Бірнеше жыл бұрын «Реал Мадридті» жеңіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнады. Бесінші орын ауыз толтырып айтуға болатын нәтиже емес.
– Грекиядағы жалпы статистикасы жаман емес: 26 матчта 11 жеңіс, 9 тең ойын, 6 жеңіліс. Бірақ команда әлем чемпионатына өте алмады. Бұл кезеңді табысты деп бағалайсыз ба?
– Әлбетте, табысты емес. Грекияда оны қарғайды. Грекия әлем чемпионаттары мен Еуропа чемпионаттарында ойнап жүрген команда ғой. Ван ’т Шкип келгенде әлем чемпионатына өте алмай қалды. Грекия футбол федерациясы оны енді шақырмайды. Нашар нәтиже болды.
– Оның Қазақстанға дейінгі соңғы жұмысы – Армения құрамасы. Төрт матчта бірде-бір жеңіс жоқ. Бұл Қазақстандағы перспективасына алаңдауға негіз бере ме?
– Әрине, береді. Сұмдық нәрсе ғой. Армениямен төрт ойында ештеңеге жетпеген. Арменияның менталитетін түсінбеген адам Қазақстанның менталитетін қай жақтан түсінсін? Оған Кюрасао, Кабо-Верде, Суринам деген елдерді баптау керек. Қазақстан да ол үшін қате таңдау деп ойлаймын. Көрейік, уақыт көрсетеді. Бірақ алаңдауға үлкен негіз бар.
– ҚФФ жаңа бапкердің алдына Ұлттар лигасында жоғары нәтиже көрсету міндетін қойды. Ван ’т Шкип үшін қандай нәтиже табыс болып саналады?
– Тек бірінші орын. Біз бұған дейін осы Ұлттар лигасын жеңдік, құрама басында Магомед Адиев болды. Словакияны екі рет ұттық. Беларусьті қарсылас көрмей екі рет ұттық. Тек Әзербайжаннан жеңілдік. Ал қазір Словакиямен ойнасақ, оны жеңе алмаймыз. Фарер аралдарымен тең ойнағанымызға разы боламыз. Ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының Словакияны жеңетініне сенім беретін бапкер емес. Wikipedia-ны ашып, бұл бапкердің қандай жетістікке жеткенін қарап көріңізші. Оның жалғыз жетістігі – Марко ван Бастенмен бірге ойнағаны.
– Сонда оның жұмысын бағалаудың басты өлшемі не болады?
– Еңбек мұғалімі ауырып, сабаққа келмей қалып, соның орнына дене шынықтыру мұғалімі сабақ беруге келгендей жағдай. Уақытша бапкер. Ұлттар лигасын жеңу керек, болмаса кетеді. Тек бірінші орын керек. Екінші, үшінші орын алса да, кетеді. Тағы жаңа бапкер іздейтін боламыз. Менің болжамым осы.
Қазақстан Ұлттар лигасының C дивизионында Словакия, Фарер аралдары және Молдовамен бір топта ойнайды. ҚФФ-ның ресми мақсаты – топты бірінші орынмен аяқтап, B дивизионына қайта көтерілу.
Ван ’т Шкип ресми түрде тағайындалмай тұрып-ақ Қазақстан Премьер-лигасының матчтарына барып, құрамаға үміткер футболшыларды бақылауды бастады. Оған бейімделуге көп уақыт жоқ: Қазақстан 26 қыркүйекте Фарер аралдарына қарсы Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуін өткізеді.
Алты матчтан кейін ҚФФ нәтижені саралап, нидерландтық маманмен әрі қарай жұмыс істеу мәселесін шешпек. Ермұхамед Мәуленнің болжамы бойынша, бұл шешімнің өлшемі қарапайым: бірінші орын немесе тағы да жаңа бапкер іздеу.
Соңғы жаңалықтар
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
3 сағат бұрын
-
Алматы 2027 жылдан бастап «Сергектен» бас тартуы мүмкін
5 сағат бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 сағат бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
7 сағат бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
8 сағат бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
8 сағат бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
8 сағат бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
10 сағат бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
10 сағат бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
10 сағат бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
11 сағат бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
12 сағат бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
12 сағат бұрын
-
Трамп Зеленскийден Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды талап етті
13 сағат бұрын
-
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
13 сағат бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды
13 сағат бұрын
-
ALGA! фестивалі Балқашта 500-ден астам оқушыны біріктірді
1 күн бұрын
-
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім берді
1 күн бұрын
-
Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
1 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
2 күн бұрын
-
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті
3 күн бұрын
-
Дәрігерлер Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
3 күн бұрын
-
Күршімде қыс алды даярлық басталып, жылу инфрақұрылымы жаңғыртылуда
3 күн бұрын
-
Әлемді өзгерткен 11 қыркүйек: АҚШ-тағы терактіге 25 жыл
3 күн бұрын
-
Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
3 күн бұрын
-
Binance Қазақстанда банк ашпақ
3 күн бұрын
-
Жасанды интеллектің адамзатты жойып жіберу қаупі 10 пайыздан асты – сарапшылар
3 күн бұрын
-
Қазақстан неліктен «Евровидение-2027» ән байқауына қатыса алмайды?
3 күн бұрын
-
Неліктен бірыңғай QR-мен төлеу әлі де барлық жерде бірдей іске аспай жатыр?
3 күн бұрын
-
Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
3 күн бұрын
-
Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды
3 күн бұрын
-
Уайымсыз үй аламын деп, сан соғып қалмаңыз: Қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасалды
3 күн бұрын
-
Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады
3 күн бұрын
-
АҚШ билігі шетелдік жұмысшыларға арналған визалық талаптарды қатаңдатпақ
3 күн бұрын
-
Air Astana АҚШ-қа тікелей ұшуға мүмкіндік беретін алғашқы ұшағын желтоқсанда алады
3 күн бұрын
-
Қазақстандық студенттер АҚШ-та далада қалды
3 күн бұрын
-
Жаңаөзенде ауруханаға бөлінген 223 млн теңге жымқырылған
3 күн бұрын
-
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттігін айқындады
3 күн бұрын
-
Рыбакина – Соболенко: US Open финалы несімен ерекше?
3 күн бұрын
-
Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға сапармен барады
3 күн бұрын
-
Қыкүйек пе, қыргүек пе: ғалымдар қазақ тіліндегі сөздердің жазылуын қайта қарайды
3 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстанның екі елдегі елшісін ауыстырды
3 күн бұрын
-
Астанада жылдың ең үлгілі жас отбасы анықталды
3 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open финалына шықты
3 күн бұрын
-
Таза Қазақстан: ШҚО жастары өңірді көркейтуге бағытталған ауқымды бастаманы қолдады
4 күн бұрын
-
Шымкентте зейнеткерді ұрып өлтірді (ВИДЕО)
4 күн бұрын
-
Тегін дәрі-дәрмектерді сатқан ұйымдарға миллиондаған айыппұл салынды
4 күн бұрын
-
Депутаттық сауалға жауап бере алмаған шенеуніктер Құрылтайға шақырылуы мүмкін
4 күн бұрын
-
Мектептерде амандасудың жаңа форматы енгізілуі мүмкін
4 күн бұрын