$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

«Оның әндері өмірімді құртты, енді мен оның әндерін жоямын» - миллиардер

Редакция
04 тамыз 2025 10:53 319
«Оның әндері өмірімді құртты, енді мен оның әндерін жоямын» - миллиардер Сурет авторы: iPhones.ru

Ресейлік миллиардер Гуфтың алғашқы альбомын жою үшін оны 95 миллион рубльге сатып алды.

Челябинсктен шыққан ресейлік миллиардер Игорь Рыбаков рэп орындаушысы Гуфтың алғашқы «Город дорог» атты альбомына құқықты 95 миллион рубльге сатып алды. Кәсіпкердің мақсаты - бұл альбомды барлық стримингтік платформалардан толығымен өшіріп тастау.

Рыбаковтың айтуынша, ол 2000-жылдардың соңында аталған альбомды жиі тыңдаған. Сол кезде ол көп қыдырып, алкогольге әуестеніп, тіпті отбасынан айырылып қала жаздаған. 

«Мен бәрінен айырылып қала жаздадым, оның ішінде отбасымнан да. Бұл үшін Гуфтың музыкасын кінәлаймын», - дейді ол.

Миллиардердің ойынша, бұл альбом оның өміріндегі теріс кезеңдерді еске салады әрі жастарға да жағымсыз ықпал етуі мүмкін.

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар