$ 487.44 € 567.38 ₽ 6.62

«Оңай серіктес емес»: Путин Қазақстанмен келіссөздер кезінде туындайтын өткір пікірталастар туралы ашық айтты

Редакция
05 маусым 2026, 12:47
«Оңай серіктес емес»: Путин Қазақстанмен келіссөздер кезінде туындайтын өткір пікірталастар туралы ашық айтты Сурет авторы: eccis.org

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды Ресей үшін «ең жеңіл серіктестердің бірі емес» деп сипаттап, екі ел арасында көптеген бағыт бойынша қызу пікірталастар болатынын айтты.

Оның айтуынша, қаржы, өнеркәсіп, инвестиция және ірі бірлескен жобаларға қатысты мәселелерде Мәскеу мен Астана арасында жиі келіспеушіліктер туындайды. Соған қарамастан, тараптар ортақ мәмілеге келуге және өзара тиімді шешім табуға ұмтылады.

«Қазақстандық әріптестерімізбен әр мәселеде дерлік өткір пікірталас болады. Бірақ екі жақ та екі ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ортақ мақсаттарға жету үшін ымыра табуға мүдделі», – деді Путин.

Бұл мәлімдеме Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерінің басшыларымен өткен кездесуде жасалды. 

 

Соңғы жаңалықтар