$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

"ӨМІР СҮРУГЕ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ" – ДЕПУТАТ ПЕДОФИЛЬДЕР ТУРАЛЫ (ВИДЕО)

Редакция
29 қазан 2025, 15:45
Мәжілістің жұмыс тобында балаларға қарсы зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салу мәселесі талқыланды. Депутат Ринат Зайыт бұл мәселе бойынша өз ұстанымын ашық айтты.
"ӨМІР СҮРУГЕ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ" – ДЕПУТАТ ПЕДОФИЛЬДЕР ТУРАЛЫ (ВИДЕО) Сурет авторы: Qrnews

Мәжіліс депутаттары балаларға қарсы зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.

Депутат Ринат Зайыттың айтуынша, мұндай насихатпен айналысқан адамдарға жаза қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен кодекстер арқылы қаралады.

Алайда ол өзінің жеке пікірін білдіре отырып, “балаға зорлық көрсеткен адамның өмір сүруге хақысы жоқ дер едім” деп мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар